Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбай елге қайта ма

Бүгiн, 11:51
716
Бөлісу:
Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбай елге қайта ма
VIDEO
Фото: ©Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов

Бұл сұраққа сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев жауап берді, деп хабарлайды, BAQ.KZ тілшісі.

Осыдан 4-5 жыл бұрын Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты отандасымызды елге қайтару бағытында прокуратура және Сыртқы істер министрлігі белсенді  жұмыс бастаған еді. Қазір ол жайлы ақпарат аз. Жоқтың қасы деуге болады. Әлеуметтік желіде елге қайтарылды, бірақ оны жарияламай жатыр деген сияқты әртүрлі ақпарат тарап жатыр. Осы бағытта қандай жұмыс жүріп жатыр. Ақжарқын Тұрлыбай қазір қайда? Және оны елге қайтару мақсаты бар ма? - деп сұрады БАҚ өкілдері.

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты айтатын болсам, біз осы СІМ-мен бірлесе отырып Қазақстан азаматын Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерімізді салудамыз. Біз ол жұмысты тоқтатқанымыз жоқ. Ол жұмыс белсенді атқарылып жатыр. Менің ойымша жақын арада оң шешімін табады деп сенемін, - деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Оның айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбай жазасын елде өтегісі келеді.

Өз жазасын елде өтегісі келетіні жайлы арызы бізге келіп түскен. Ол елге келіп өтегісі келеді. Адвокаты бізбен тұрақты түрде байланыста, - деді ол.

Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Ол есірткі контрабандасы үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы