Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азиада алтынын жеңіп алды

Этникалық қазақ қызы Харбиндегі Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Туризм және спорт министрлігі 11 Ақпан 2025 2025, 15:37
11 Ақпан 2025 2025, 15:37
1191
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Этникалық қазақ қызы Харбиндегі Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол конькимен жүгіру спортындағы әйелдер арасындағы командалық жарыстың финалында Хань Мэй және Ян Биньюймен бірге Қытай командасының құрамында қатысып, қарсыластарынан озып шықты.

Ақнар Ардаққызы 1999 жылы 1 маусымда Шытызы ауылында (Хутуби ауданы, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай) дүниеге келген. Ол бұған дейін де Қытай атынан халықаралық жарыстарға, оның ішінде 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасына қатысқан.

Наверх