Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңажылдық демалыстардан кейін Қытай қор биржасындағы алғашқы сауда дүйсенбіде 8%-дан астам көлемде құлдырады.
Бұл коронавирустың жаппай тарауы салдарынан болып отыр.
Бұған дейінгі Қытай биржасындағы саудалар 23 қаңтарда – Қытай жаңа жылының алдында болған. Содан кейін демалыс кезінде коронавирус жұқтырғандар саны 30 есе, ал қаза тапқандар 20 есе көбейді.
Shanghai Composite Шанхай қор биржасының негізгі индексі сағат 09.37-де (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07.37-де) 8,07% - 2736,28 пунктке дейін, Shenzhen Component Шэньжень негізгі индексі 8,54% - 9769,91 пунктке дейін түсті.
Мұнымен бірге Hang Seng Гонконг қор биржасының негізгі индексі 0,44% - 26428,05 пунктіне дейін өсті.