ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығына өз бағасын беріп, Қытай Қазақстанның БРИКС құрамына кіруін қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қытай мен Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құрудың бастауында тұр. Ертеңгі Астана саммиті ынтымақтастығын ілгерілетуге және оның қызметін дамытуға Қазақстан төрағалығының қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді. Бұл біздің ұйымның қызметін жаңа биіктерге көтеретіні сөзсіз, - деді ҚХР басшысы.
Ол ҚХР мен Қазақстан БҰҰ, ШЫҰ, "Қытай-Орталық Азия" форматы сияқты көпжақты құрылымдар аясында үйлестіруді жандандыра отырып, халықаралық істерде тығыз ынтымақтастықты жалғастыра беретінін айтты.
Қытай Қазақстанның БРИКС құрамына кіруін қолдайды. Қазақстанды рөлі артып келе жатқан, әлемдік істерге, жаһандық басқаруға лайықты үлесе қоса алатын әлемдегі орта державалардың бірі ретінде қолдайды, - деді Си Цзиньпин.