Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан университетіне Қытай суперкомпьютер беретінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Саясат Нұрбектің айтуынша, еліміздегі түрлі суперкомпьютерлердің қуаты белсенді түрде енгізіліп, жаңартылып келеді. Мысалы, әртүрлі салаларда күрделі есептеулер үшін пайдаланылатын ҚазҰТЗУ есептеу кластерін 2024-2026 жылдары 20 терафлопсқа дейін жаңарту жоспарда бар.
10 терафлоп өнімділігі бар PARAM BILIM суперкомпьютерін 2013 жылы Үндістан ұлттық компаниясы CDAC шығарды және 2015 жылы Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ға тапсырды. PARAM BILIM суперкомпьютері 100 терафлопсқа дейін жаңартылды. Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚХР серіктестері арасында келісімшартқа қол қойылды. Оған сәйкес биылдың күзінде қуаты 2 петафлопс болатын суперкомпьютер Алматыға жеткізіледі, - деп айтты ведомство басшысы.
Оның сөзінше, елдегі барлық суперкомпьютің жалпы есептеу қуаты шамамен 2 петафлопсқа жетеді.