Қытай Пелосидің Тайваньға сапарына наразылық білдірді

2 Тамыз 2022, 22:54
1097
Бөлісу:
Қытай Пелосидің Тайваньға сапарына наразылық білдірді

Қытай АҚШ Конгресі палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына қатаң наразылық білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі Қытай сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ-тың арандатушылық әрекеттері Тайвань аймағында шиеленістің ушығуына қалай әкеліп соқтыратынын бүкіл әлем анық көріп отыр және бұл үшін жауапкершілік толығымен АҚШ-қа жүктелуі тиіс, - деп мәлімдеді Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин.

Оның мәлімдемесі АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің мәлімдемесінен кейін жасалды, ол АҚШ Конгресі палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға бару-бармау туралы шешімді өзі қабылдайтынын атап өтті. Айтуынша, Конгресс тәуелсіз ұйым. Егер спикер баруға шешім қабылдаса және Қытай қандай да бір дағдарыс тудыруға тырысса немесе шиеленісті басқа жолмен ушықтырса, онда ол толығымен Бейжіңнің мойнында болады, - деді Энтони Блинкен.

АҚШ конгресі АҚШ үкіметінің бір бөлігі ретінде АҚШ үкіметі мойындаған және жүзеге асырып жатқан сыртқы саясатты қатаң түрде орындауы керек, - деп мәлімдеді Хуа Чуньин.

Сыртқы істер министрлігі «бір Қытай»қағидаты халықаралық қатынастардың жалпыға бірдей мойындалған негізгі нормасы және халықаралық қауымдастықтың ортақ консенсусы екенін хабарлады. «Бір Қытай» қағидаты негізінде Қытай 181 елмен, соның ішінде АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан.

Сондай-ақ ведомство Пелосидің сапары аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіретінін және сепаратистік күштерге қате сигнал беретінін қоса кетті.

Айта кетейік, Пелоси мен оның делегация мүшелері бар АҚШ Әскери-әуе күштерінің арнайы рейсі Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен 20:44-те Тайбэйдегі Соншан әуе базасына қонды.

Өзгелердің жаңалығы