Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бақыт пен зор денсаулық тіледі.
Бұған дейін, АҚШ елшілігінің өкілі мен Үндістан елшісі Прабхат Кумар қазақстандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған болатын.Достар! 2019 жыл қытай-қазақ қатынастарының тарихында елеулі орын алды. Биыл төраға Си Цзиньпин ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХР "Достық орденін" табыстады. Бұдан бөлек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға алғашқы мемлекеттік сапарын сәтті аяқтады. Оның аясында қос тарап мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға келісті.
Осы жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 20 млрд доллардан асты. Ал Қазақстан арқылы өтетін "Қытай-Еуропа" пойыздарының саны 3 мыңға жетті.
Ынтымақтастық аясында өндірістік қуаттылығы жоғары оннан астам жоба аяқталды. Бұл екі елдің халқына пайда әкелді. Білім және мәдени алмасу саласында да айтарлықтай өзгерістер болып, биыл екі мемлекеттің студенттерін алмасу тәжірибесі айтарлықтай өсті. Қытай-қазақ алғашқы ортақ "Композитор" фильмі шықты және тұрғындардың бір-біріне деген ілтипаты артып, жақындай түсті.
Бірнеше күннен кейін Қытай мен Қазақстан халқы жаңа 2020 жылды қарсы алады. Келер жылы екі ел "Бір белдеу, бір жол" бастамасын дамытуға ықпал ете отырып, саяси, экономикалық және мәдени саладағы ынтымақтастықты нығайта түседі. Екі мемлекет асқақ арманның жүзеге асуына алғашқы қадамын жасайды – екі елдің тұрғындарына үлкен табыс әкелетін адамзат тағдырының бірегей қауымдастығын құрады.
Сөз соңында Қазақстанға 2020 жылы саяси, экономикалық тұрақтылығын сақтауын, аймақтық істерде маңызды рөл атқаруын жалғастыруды, сонымен қатар қазақстандықтардың материалдық жағдайы жақсаруын тілеймін! Достықты қадірлейтін қазақ халқына бақыт пен денсаулық тілеймін. Қазақстандағы барлық досыма Жаңа берекелі жыл болсын! Сәттілік әрдайым серігіңіз болсын, - деді елші Чжан Сяо.