Қытай елдегі туризм мен саяхатқа қайта рұқсат етті

2 Мамыр 2020, 16:29
2649
Бөлісу:
Қытай елдегі туризм мен саяхатқа қайта рұқсат етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді Аспан асты елінің аумағындағы 4 мыңнан астам туристік нысан туристер үшін қайта ашылады.

Бұл туралы Корреспондент.net хабарлады.

Қытайда соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырған бір науқас тіркелді. Оның өзі ҚХР аумағынан тыс жерде ауру жұқтырғаны анықталды. Бұдан бөлек, коронавирусты жұқтырды деген күдікпен тағы екі науқас тіркелді. Олар да жақында шетелден келгені белгілі болды.

Қытай билігі 1 мамырдан бастап мемлекетте жүріп-тұру ережелеріне қойылған шектеулердің бір бөлігін алып тастады. 4 мыңнан астам туристік нысанның жұмысы қайта жанданды.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қытайда коронавирустан 557 науқастың емделіп жатқаны белгілі болды. Оның 464-і шетелден келгендер.

Сонымен қатар, Гонконг, Макао мен Тайваньді есептемегенде Қытайда соңғы тәулікте 43 науқас COVID-19 індетінен айығып шыққан. Тіркелгендердің арасында қайтыс болған науқастар жоқ.

Бұған дейін Хубэй провинциясының денсаулық сақтау мәселелеріне жауапты мемлекеттік комиссиясы алғаш коронавирус ошағы болған Ухань ауруханаларында COVID-19 індетімен тіркелген науқас қалмағанын мәлімдеді.



Өзгелердің жаңалығы