Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қытай АҚШ-тың санкциясына жауап қайтарды

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
4 Сәуір 2025, 16:33
1317
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қытай да АҚШ-тан импортталатын барлық тауарға қосымша салық салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылғы 2 сәуірде АҚШ үкіметі Қытайдан импортталатын тауарларға "теңдестірілген салық" салатынын мәлімдеді.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім халықаралық сауда ережелеріне сәйкес келмейді және Қытайдың заңды құқықтарын бұзады деп бағаланып отыр. Қытай үкіметі бұл әрекетті біржақты, басымдық көрсету ретінде айыптап, әлемдік экономиканың тұрақтылығына қауіп төндіретініне алаңдауда.

Қытай Үкіметінің жариялаған мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың 10 сәуірі сағат 12:01-ден бастап, АҚШ-тан импортталатын барлық тауарға 34% салық салынады. Бұл қосымша салық 2025 жылғы 4 мамыр 13-і күніне дейін тасымалданған тауарларға қатысты болмайды.

Қытай АҚШ-ты біржақты салықтық шараларды дереу тоқтатып, сауда дауларын келіссөздер арқылы шешуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы