Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қытай АҚШ-пен сауда келісіміне қол қойғанын растады

28 Маусым 2025, 07:12
808
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Женевада (2025 жылғы 10 мамырда) өткен келіссөздер нәтижесінде Қытай мен АҚШ сауда келісіміне қол қойды. Бұл туралы Қытайдың Сауда министрлігі ресми мәлімдеді. Тараптар арасындағы келісім жаппай тарифтік соғысты уақытша тоқтатуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Мәлімдемеде Қытай бақыланатын тауарларды экспорттауға рұқсат беруді жалғастыратыны, ал АҚШ Қытайға қарсы қабылданған бірқатар шектеу шараларын алып тастайтыны атап өтілген. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында тараптардың ортақ мәмілеге келгенін растаған болатын.

Келіссөздердің басты тақырыбы сирек жер металдарының экспорты болды. Бұл материалдар электромобильдер, жел турбиналары және жоғары технологиялық өнімдер өндірісінде кеңінен қолданылады. Бейжің соңғы күндері экспорт лицензияларын жедел беру жөнінде шешім қабылдағанын хабарлады. Қытайдың осы сектордағы шектеулері АҚШ-пен арадағы басты келіспеушілік нүктелерінің бірі болып келген еді.

Жаңа келісім кейбір тарифтерді жоюды көздесе де, фентанил саудасы, болат және алюминийге қатысты баж салықтары күшінде қалады.

Өзгелердің жаңалығы