Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қыстың соңғы күндері аяз күшейеді

Самал КӨШЕРБЕКҚЫЗЫ
24 Ақпан 2025, 15:51
1122
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

Еліміз бойынша ақпан айының соңғы күндерінде күшті жауын-шашын мен аяз болады деп күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Метеорологтар 25-27 ақпан аралығында Оңтүстік циклонының әсерінен еліміздің оңтүстік өңірлерінде жаңбыр мен қар жауып, 26 және 27 ақпанның түнінде оңтүстік-шығыста жауын-шашын болатынын хабарлады. Жауын-шашынның арасында желдің күшеюі, боран мен көктайғақ болжанып отыр.

Қазақстанның барлық аумағында тұман мен ауа температурасының төмендеуі күтілуде:

- солтүстік, солтүстік-батыс және елдің орталығында – түнде 18 градус аяз;
- оңтүстік және оңтүстік-шығыста – түнде 12 градус аяз.

Өзгелердің жаңалығы