Қысқы универсиадада Қазақстан туын кімдер ұстап шығатыны белгілі болды

Кеше, 17:23
339
Бөлісу:
Қысқы универсиадада Қазақстан туын кімдер ұстап шығатыны белгілі болды
Фото: gov.kz

XXXII Қысқы универсиадада Қазақстан құрамасының туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Аяулым Әмренова – фристайл бойынша ұлттық құраманың үздік спортшыларының бірі. Оның қоржынында 2017 жылғы Еуропа кубогы кезеңдерінің алтын, күміс және қола медальдары бар. Сондай-ақ ол Қазақстан атынан 2018 жылы Пхёнчханда және 2022 жылы Бейжіңде өткен екі Олимпиада ойындарына қатысқан.

Абылайхан Сүлейменов – қазақстандық хоккейдің жұлдызы, «Номад» командасының ойыншысы. Оның спорттық мансабында жастар лигасы, төрт ұлттық турнир, Қазақстан кубогы, Континенталь кубогы, сондай-ақ, АҚШ-та өткен ХХХІ Дүниежүзілік қысқы универсиада бар. Сол универсиадада Қазақстанның хоккей құрамасы үшінші орынды иеленді.

Айта кетейік, 2025 жылдың 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында XXXII Дүниежүзілік қысқы Универсиада өтеді. Әлемнің 57 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысатын бұл ірі студенттік жарыста 11 спорт түрі бойынша 96 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Өзгелердің жаңалығы