Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына 7 қазақстандық шығады

Бүгiн, 08:10
144
Бөлісу:
 Ұлттық олимпиадалық комитет
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Бүгін 7 қазақстандық спортшы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні басталды.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

14:00 – шаңғы қоссайысы, қалыпты тұғыр

Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров.

15:00 – фристайл-могул, екінші іріктеу (әйелдер)

Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова.

17:45 – шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы

Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров.

18:15 – биатлон, жекелей жарыс (әйелдер)

Қатысушылар: Айша Ракишева, Милана Генева.

18:15 – фристайл-могул, финал (әйелдер)

Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова (іріктеуден сәтті өткен жағдайда).

Өзгелердің жаңалығы