Қысқы балық аулау орындарында рейд жүргізіледі

10 Желтоқсан 2022, 13:40
1097
Бөлісу:
Қысқы балық аулау орындарында рейд жүргізіледі

Қысқы кезеңнің басынан бастап құтқарушылар қысқы балық аулаушылар баратын су айдындарында рейдтік іс-шараларды жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күн сайын балықшылар өздерінің қауіпсіздігін ескермей мұзға шығады. Рейдтік іс-шаралар балықшылардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алуға, су айдындарындағы жағдайды тексеруге және қысқы балық аулаушылар түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған. 

Қысқы кезеңнің басынан бастап құтқарушылар қысқы балық аулау орындары бойынша 8 500-ден астам рейд жүргізді, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 1 300-ге жуық белгі және «Балық аулауға тыйым салынады!», «Абайлаңыз, жұқа мұз!» баннерлері орнатылды. 

Рейдтер барысында әдетте көп жағдайда адамдар өз қауіпсіздігін елемейтіні, өздерімен бірге құтқару құралдары жоқ екендігі анықталды. Әрбір балықшыға қауіпсіздік ережелері мен шұғыл қызметтердің телефондары жазылған жадынамалар беріледі. Құтқарушылар, егер адам мұз астына түсіп кетсе, не істеу керектігі туралы нұсқау береді.

ТЖМ қысқы балық аулаушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және тексерілмеген мұзға шықпауға, құтқару құралдарына ие болуға шақырады!

Өзгелердің жаңалығы