Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
Айтуынша, отандық QazVac вакцинасын өндіру жалғасып жатыр.
QazVac вакцинасына қатысты айтар болсам, бүгінгі таңда зауыттың әлеуеті ай сайын 500 мың екпеге дейін өндіруге мүмкіндік береді. Бұл көлем еліміздегі коронавирусқа қарсы вакцинаға қажеттілікті жабу үшін жеткілікті, - деп атап өтті бас санитар дәрігер.
Сондай-ақ вице-министр қазір қолда вакцина көлемі алдағы екі айға жеткілікті деп отыр.
QazVac-тың 500 мың дозасына өтініш бердік. Қазір 1,5 млн доза бар. Егер ай сайынғы тұтынуды ескерсек, орта есеппен 400 мыңға дейін доза қолданылады. Бүгінгі таңда біз Үкіметтің резервінен Pfizer мен QazVac-ты жыл соңына дейін сатып алу үшін қаражат бөлу жұмысын бастады. QazVac-ты қыркүйек айына дейін аламыз деп ойлаймын, - деді вице-министр.
Белгілі болғандай, вакцина алуы тиіс ересек қазақстандықтардың 80%-дан астамы немесе республиканың барлық халқының 56%-дан астамы КВИ-ға қарсы вакцинация алып үлгерген.