Қырғызстанның жаңа премьер-министрі тағайындалды

10 Қазан 2020, 20:29
1998
Бөлісу:
Қырғызстанның жаңа премьер-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды. 

Бұл туралы РИА Новости жазды.

Бостандыққа шыққан оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды. Ол алдағы жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді. Қырғызстан парламенті Жапаров бастаған министрлер кабинетінің жаңа құрамын бекітті.

Мен алдағы жағдай үшін жауапкершілік алуға дайынмын, - деді Жоғарғы Кеңестің (Парламент) кезектен тыс отырысында Садыр Жапаров.

Жапаров барлық саясаткерді Қырғызстандағы жағдай үшін халықтан кешірім сұрауға шақырды және Президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуге дайын екенін айтты.

Барлық міндеттеме орындалады. Біз әлеуметтік жағынан өсуіміз керек, дәрігер мен мұғалім мамандығының беделін көтеру керек. Үкіметтің құрамы мен құрылымы өзгермейді. Әзірге мен министрлер кабинетінің бүгінгі құрамымен жұмыс істеуге дайынмын. Бірақ болашақта өзгерістер болады, жас кадрлар міндетті түрде келеді, - деді жаңа премьер.

Жогорку Кенеш министрлер кабинетінің басшысы лауазымына басқа кандидаттарды қарастырмады.

Еске салсақ, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті.

7 пайыздық межеден өткен төрт партия Қырғызстанның 120 орындық парламенті – Жогорку кенешке депутат жіберу мүмкіндігіне ие болған.

Сайлау нәтижелерімен келіспеген демонстранттар Бішкекте Қырғызстан парламенті – Жогорку кенеш ғимараты мен Президент әкімшілігі қоршауынан секіріп кірмекке талпынды. Демонстранттар ғимарат ауласына бөтелке, тас лақтырды.

Митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап Ақ үйге басып кірумен аяқталған. Алмазбек Атамбаев 6 қазанға қараған түні тергеу изоляторынан босатылды. Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға кетті. 

Кеше Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілгені белгілі болды. Бүгін қаладағы коменданттық сағаттың ұзартылғаны анықталды.


Өзгелердің жаңалығы