Қырғызстаннан су келмейді. Жамбыл облысындағы су тапшылығы

11 Тамыз 2023, 10:33
1429
Бөлісу:
Қырғызстаннан су келмейді. Жамбыл облысындағы су тапшылығы
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жамбыл облысында суармалы судың тапшылығы сезіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жамбыл облысы су шаруашылығының ахуалы туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Галидулла вегетациялық кезең жоспарын іске асыруды пысықтау үшін Жамбыл облысында іс сапарымен жүр.

Мәселен, осы жылдың 9 тамызындағы жағдай бойынша Талас өзенінің бассейні бойынша Киров су қоймасының көлемі 32,48 млн м3, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 144,8 млн м3-ке аз (177,28 млн. м3). Талас өзенінің былтырғы жылдың тамыз айындағы кестелік көрсеткіш бойынша Қазақстанның қажеттілігі 45 м3 / сек болатын, іс жүзінде су берілмеген - 0 м3/сек.

Қазіргі уақытта Қырғызстанның Талас БУВХ қызметімен "Жамбыл ГРЭС" АҚ жұмысын қолдау үшін су қоймасынан кемінде 5 м3/сек су беру туралы келіссөздер жүргізілуде, сондай-ақ Талас өзенінің арнасына экологиялық тазарту қарастырылып отыр.

Соңғы уақытта Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы су мәселесі күрделеніп келеді. Ғалымдардың айтуынша, судың жағдайы Орта Азия елдерінде 2030 қарай тіпті қиындайды. Бұл бойынша Қазақстан мен Қырғызстан КСРО кезеңінде жасалған келісімді ұзақ жылдар бойы пайдаланып келген еді. Шу өзенінің суын пайдалану бойынша 1983 жылы тараптар арасында келісім жасалып, судың 58% қырғыздарға, 42% қазақтарға бөлінді. 2000 жылы келісім қайта жасалып, біршама пункке өзгеріс енгізілді. Алайда, пайыз көрсеткіші өзгерген жоқ. Қазақстан Қырғызстанның су қоймаларын жақсартуға қаржы бөліп тұратын болды, ал Қырғызстан суды үздіксіз беруге келісті.

Өзгелердің жаңалығы