Қырғызстанда жеке балабақша немесе мектеп салғысы келетіндерге жер телімдері тегін беріледі

Қырғызстан елге қажетті мектеп санын салып үлгермей жатыр.

 Қырғызстан Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметі Кеше 2026, 23:41
Кеше 2026, 23:41
96
Фото: Қырғызстан Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметі

Бұл туралы президент Садыр Жапаров Араван ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Президент жергілікті билік органдарына мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер салуға дайын инвесторлар мен азаматтарға жер телімдерін тегін негізде беруді тапсырды. Сонымен қатар мемлекет мұндай бастамаларды жан-жақты қолдайтынын атап өтті.

Біз жер телімдерін аудан орталықтарында, шағын қалаларда, облыс орталықтарында, сондай-ақ Бішкек пен Ош қалаларында бөліп жатырмыз. Жер көлемі болашақ нысанның ауқымына қарай 1-2 гектар аралығында болады, – деді ол.

Жапаровтың айтуынша, мемлекет қажетті мектеп санын салып үлгермей жатыр.

Балалар саны артып келеді. Біз жылына 20-30, тіпті 50-60 мектеп салуымыз керек. Сондықтан жеке секторды тартып, балабақша мен мектеп салуға жерді тегін ұсынып отырмыз, – деп түсіндірді ол.

Наверх