Қырғызстандағы Боом шатқалында тасқын жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
КАБАР агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Боом шатқалындағы Торугартта шамамен 600 кубметрді құрайтын тасқын орын алған.
Елдің көлік және коммуникация министрлігі автожолдағы қозғалыстың толықтай тоқтатылғанын айтты. Артынша Бішкек бағытындағы көлік қозғалысы үшін жолды ашқан.
Қазіргі таңда сел тасқынынан кейін орын алған үйінділерді тазарту үшін жүк көлігі жұмылдырылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Бұған дейін Шу облысындағы Кемин ауданындағы Бішкек-Нарын-Торугарт автожолында тасқын орын алған. Ол кезде тасқын теміржолға да таралып, Бішкек-Балықшы теміржол бағытының жұмысына кедергі келтірген.