Қырғызстанда Ош облысының Ноқат ауданында сел салдарынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті, деп хабарлады BAQ.KZ.
24.kg мәліметінше, қайтыс болғандардың көбісі балалар мен жасөспірімдер. Олардың арасында қазақ балалары да бар. Екеуінің мәйіті табылды, тағы екеуі іздестіріліп жатыр.
Жолдар мен көпірлерді қиратып, адам өліміне әкелген селге байланысты Ноқат өңірінде төтенше жағдай жарияланды. "Абшыр ата" демалыс аймағында 1300-ден астам адам бөгеліп, бірнеше көпір мен жол бүлінген, ондаған үй су астында қалды.
Қырғызстанда селден қазақ балаларының қаза табуына байланысты Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ош қаласына ұшақ жіберетіні хабарланды.