Қырғызстанда президент сайлауы өтетін күн белгілі болды

Садыр Жапаров сайлау туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды.

30 Шілде 2026, 13:48
АВТОР
 eurasian-research.org 30 Шілде 2026, 13:48
30 Шілде 2026, 13:48
280
Фото: eurasian-research.org

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының Президентін және Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау туралы» конституциялық заңына енгізілген түзетулерге қол қойды. Көрші елдің халқы президентті 2027 жылғы 27 қаңтарда сайлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Құжаттан белгілі болғандай, енді Қырғызстанда сайлау сәрсенбі күндері өткізіледі. Бұған дейін олар жексенбіде тағайындалатын.

Сонымен қатар, заңда мыналар жазылған:

  • Президенттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімі аяқталатын жылдың қаңтар айындағы төртінші сәрсенбісінде өткізіледі;

  • Жогорку Кенеш депутаттарының кезекті сайлауы қолданыстағы Жогорку Кенеш шақырылымының конституциялық мерзімі аяқталатын айдың сәрсенбісінде өткізіледі.

Дауыс беру күні демалыс күні болып саналатыны, бірақ жұмыс күні ретінде жалақы сақталатыны нақтыланады. Бұл жұмыс берушінің барлық меншік нысанына қатысты.

Айта кетейік, Жогорку Кенеш конституциялық заңға енгізілген түзетулерді 24 маусымда қабылдады. 

Наверх