Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қырғызстанда күшті лай көшкіні жүрді

4 Мамыр 2025, 05:10
1557
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Үйлер мен әлеуметтік мекемелердің аулаларын лай су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sputnik Қырғызстанның хабарлауынша, бұршақ жауған нөсер жаңбыр салдарынан Қырғызстанның оңтүстігіндегі бірнеше ауданда лай көшкіні жүрді. Ауылдардағы ондаған тұрғын үй аулалары мен әлеуметтік мекемелерді су басқан.

Бір жол да бітеліп, қираған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің аудандық бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, 2024 жылдың шілдесінде сел инфрақұрылымға елеулі зиян келтірді: Қырғызстанда бір аурухана, сауда орталығы және бес көпір зақымданды.

Өзгелердің жаңалығы