Қырғызстанда коронавирустан дәрігер көз жұмды

2 Мамыр 2020, 17:12
1506
Бөлісу:
Қырғызстанда коронавирустан дәрігер көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. 2 мамыр күні Қырғызстанда республикалық жұқпалы аурулар емханасында 2 адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмды. Оның бірі - медицина қызметкері.

Республикалық штабтың мәліметінше, қайтыс болған науқастың бірі 1962 жылы туған отбасылық дәрігерлер тобының басшысы. Екіншісі Жалал-Абад облысының 1951 жылғы тұрғыны.

Екі науқасқа да екіжақты пневмония диагнозы қойылған. Демалуы қиындап, жағдайлары ауыр болды. Одан бөлек, жүрек ауруы, қант диабеті сияқты қосарласқан аурулары да әсер етті, - делінген хабарламада.

Осылайша, Қырғызстанда COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны 10 адамға жетіп отыр. Елде барлығы 769 адам вирус жұқтырған, олардың 200-і медицина қызметкерлері.

Өзгелердің жаңалығы