Қырғызстанда су ресурстарына аса мән беріліп, үнемді пайдалану жолдары қолға алынды. Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Астана халықаралық форумында осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Президенттің айтуына қарағанда, Қырғыз Республикасы су ресурстарына аса мән беріліп, үнемді пайдалану жолдары қолға алынып жатыр. Сөзінше, Қызғыз республикасының 2040 жылға дейінгі жалғасатын стратегиясы аясында мемлекеттік тұрғыдан суды үнемді пайдалануды және сапалы сумен қамтамасыз ету, экологиялық мәселелерді шешуді алға қойып отыр.
Сондай-ақ Қырғыз басшысы өңірдегі экономикалық бәсекелестік несімен артық екенін айтты.
Біз тарихымызды мақтан тұтамыз, дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызда ұқсастықтар көп. Менталитетімізді де көп нәрсе біріктіреді. Тарих пен мәдениет – біздің ортақ мұрамыз, - деді Жапаров.
Ол Қырғызстан жасыл, экологиялық таза, бейтарап экономика қағидаттарын нығайтуға дайын екенін айтады.
Осы бағыттағы үйлестірілген саясат пен іс-әрекеттерімізді үйлестіру өңірдің жалпы тұрақтылығына әкеледі, - деді Садыр Жапаров.