Қырғызстан министрі 3 елге ортақ “Қамбар ата – 1” ГЭС-і жөнінде айтты

21 Маусым 2024, 12:09
356
Бөлісу:
Қырғызстан министрі 3 елге ортақ “Қамбар ата – 1” ГЭС-і жөнінде айтты
Фото: pixabay.com

БАҚ өкілі Қырғызстан Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраевтан энергетикалық мәселелерді шешуде ШЫҰ форматы қаншалықты ыңғайлы екенін сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тек Шанхай ынтымақтастық ұйымы форматы емес, біз, Орталық Азия: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікістан тоқсан сайын кездесеміз. Су мәселелерін шешеміз. Бір апта бұрын 3 ел “Қамбар ата – 1” су электр стансасын бірлесіп салу жөнінде ірі жобаға қол қойғанының куәсі болдыңыздар. Ол – Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, – деді ол.

Таалайбек Ибраев су электр стансасының құрылысына қанша қаражат кететінін де айтты.

Жақын болашақта Дүниежүзілік банктің кепілдігімен құрылысты бастаймыз. ГЭС құрылысына алдын ала есеп бойынша 4,5-5 млрд доллар кетеді. Ол – 1860 мегаватт. Станса Орталық Азияның Энергетика мәселесін жауып қана қоймай, су мәселелерін де шешеді, – деді ол.

Айта кетейік, Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің Төртінші кеңесі өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы