Қырғызстан крематорийге тыйым салынатын заңға қол қойды

Туыстары іздемеген және жеке басы анықталмаған мәйіттерді тек зираттарда жерге қоюға рұқсат етіледі.  

 akipress.org 5 Тамыз 2026, 06:04
5 Тамыз 2026, 06:04
92
Фото: akipress.org
 
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатқа қол қойды,.

Жаңа түзетулерге сәйкес, ел аумағындағы крематорийлерді тек медициналық қызмет барысында пайда болатын медициналық қалдықтарды санитарлық-термиялық жою үшін ғана қолдануға рұқсат етілетін болады.

Сонымен қатар заң қайтыс болған адамдардың денесін, сондай-ақ түсік тасталған және өлі туған шақалақтарды өртеу үшін мұндай құрылыстарды пайдалануға қатаң тыйым салады.

Медициналық биологиялық объектілерді жоюға арналған мамандандырылған құрылыстар республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ жеке компаниялардың қаражаты есебінен салынуы мүмкін.

Наверх