Қырғызстан 2024 жылы Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалық етеді

4 Желтоқсан 2023, 11:41
717
Бөлісу:
Қырғызстан 2024 жылы Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалық етеді
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ Мәжіліс баспасөз қызметі

Қазақстанның 2023 жылғы Орталық Азия әйелдері диалогына төрағалығы аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: тиімді және тұрақты бірлескен шешімдерді іздеу» тақырыбында Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясы өтіп жатыр.

Біздің халықтарымыз ежелден анаға, қызға, әйелге құрмет пен қамқорлық танытқан. Біз әрқашан ата-баба дәстүрін қастерлеп, әйелдердің қоғамдағы орны мен рөліне ерекше мән бердік. Бүгінгі таңда, жылдам өзгеріп жатқан әлемде халықтарымызға тән осынау мызғымас құндылықтарды жоғалтпау маңызды, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы осы орайда Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Диалогтың бірегей ресурстары мен мүмкіндіктері бар. Форумға қатысушылар біздің елдеріміз арасындағы мазмұнды пікірталас пен практикалық тәжірибе алмасуға ұмтылатынына сенімдімін. Ал халықаралық сарапшылар мен азаматтық сектордың сыни көзқарасы мен ұсыныстары біздің әрекеттеріміз бен бастамаларымыздың осал тұстарын анықтауға көмектеседі. Қатысушыларға Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалық еткен бір жылындағы бірлескен жұмысы үшін, Қазақстанға және оның Парламентіне көрсетілген жоғары сенім үшін алғыс айтқым келеді, - деп айтты Ерлан Қошанов.

Сонымен бірге спикер Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропалық Одақ құрылымдарына диалогқа тұрақты қолдау көрсеткені және әйелдер дипломатиясын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Биыл Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы аяқталады. Енді диалог Қырғыз Республикасының төрағалығына өтеді.

Өзгелердің жаңалығы