Қырғыз-қазақ шекарасында 50-ден астам жүк көлігі кептелісте тұрып қалды

Бөлісу:
Қырғыз-қазақ шекарасында 50-ден астам жүк көлігі кептелісте тұрып қалды
Фото: 24.kg

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы «Кен-Булун» бақылау-өткізу пунктінде кептеліс пайда болды, деп жазады BAQ.KZ.

Кезекте 50-ден астам жүк көлігі тұр. Кептеліс бірнеше шақырымға созылған.

Жаз айларында Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы фуралар кептелісіне бірнеше фактор әсер етеді. Әсіресе жүк тасымалы көлемінің маусымдық ұлғаюына байланысты болады. Осы кезеңде ауылшаруашылық өнімдері мен басқа да маусымдық тауарлар белсенді түрде тасымалданады. Бұл өз кезегінде трафиктің өсуіне әкеледі.

Өзгелердің жаңалығы