Қылқындырып тастаған: Астанада полицей бастығына шабуыл жасаған

Жауапсыз қоңыраудың соңы төбелеске ұласты. Астанада полицей бастығын ұрған.

 ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев Бүгiн 2026, 12:40
Бүгiн 2026, 12:40
420
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев

Астанада Есіл ауданының полиция қызметі бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. 32 жастағы экс-капитан Әли Әбетаев өз бастығына шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сот қаулысына сәйкес, оқиға 2025 жылдың маусым айында болған. Жанжал басшы Сәкен Ноғаевтың жауап бермеген қоңырауларына байланысты туындаған.

Сот отырысы барысында анықталғандай, сол түні полиция қызметкерлері мейрамханаларда кальян шегу деректерін тексерген.

Аудандық жергілікті полиция қызметі басшысы басқа қызметкерлермен бірге бірнеше мекемеде заң бұзушылықтарды анықтаған. Рейд кезінде Әли Әбетаев басшысына бірнеше рет қоңырау шалған, бірақ ол телефонының бұзылуына байланысты жауап бере алмаған. Кейінірек тәртіп сақшысы әкімшілік хаттамалар толтыру үшін бастығын мейрамханаға келуін сұраған, сол жерде екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындаған.

Кездесу кезінде олардың арасында жанжал шығып, ол бастығының бетінен жұдырықпен ұрған. Содан кейін тағы бірнеше соққы жұмсаған. Төбелес кезінде олар жерге құлап, сол кезде Әбетаев қылқындыру әдісін қолданған. Жәбірленуші жарақат алып, ауруханаға жүгінген. Сараптама оның маңдайындағы жараны, ернінің жырылуын және мұрын сүйегінің сынуын тіркеді. Бұл денсаулыққа келтірілген жеңіл зиян деп танылды, – делінген қаулыда.

Сот Әли Әбетаевты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу және 100 сағаттық қоғамдық жұмыс атқару жазасын кесті.

Сонымен қатар, сот шешімімен ол капитан шенінен айырылып, жәбірленушіге 3 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Наверх