Қылмыстық жазадан жалтару схемасы әшкере болды

30 Қыркүйек 2024, 11:49
472
Бөлісу:
Қылмыстық жазадан жалтару схемасы әшкере болды
Фото: Астана қаласының прокуратурасы

Астана қаласының прокуратурасы алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2018 жылы сот үкімімен пара берушіге 672 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Жазадан жалтару үшін пара беруші уәкілетті органға айыппұлды толық төлегені туралы жалған құжат ұсынған.

Қалалық прокуратура бұл қылмыстық деректі дер кезінде анықтап, сотталғанның жазасы айыппұлдан 10 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Тергеп-тексеру барысында сотталушының миллиондаған айыппұл төлеуден жалтаруға көмектескен тұлға ұсталды.

Алқабилердің қатысуымен шыққан сот үкімімен кінәлі тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы