Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәмелет жасқа толмаған қызды зорлауға қатысты бұл оқиға ШҚО-дағы ауылдардың бірінде біршама уақыт бұрын болған. Алайда қылмыскерді жауапқа тарту ісі тым ұзаққа созылып, ақыры, ол жеңіл жазамен құтылып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс.
Күдіктіні жауапқа тарту бойынша тергеу жұмыстары мен істі қарау барысының ұзаққа созылғаны сонша, ол тіпті арасында әскерге барып, азаматтық борышын өтеп үлгерген екен.
Бірінші инстанциядағы сот оған 1,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Алайда, іс апелляциямен қайта қаралып, жазасы 10 жылға дейін ұзартылды.
ШҚО сотының аппеляциялық комиссия төрағасы Қайрат Шақпантаевтың айтуынша, соңғы айда 5 қылмыстық істің үкімі қайта қаралып, тағайындалған жаза өзгертілген екен.