Қылмыс жасайтын «жалған террористердің» 88 пайызы жұмыссыз болады – Қабденов

13 Маусым 2022, 11:35
1478
Бөлісу:
Қылмыс жасайтын «жалған террористердің» 88 пайызы жұмыссыз болады – Қабденов

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Спартак Қабденов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат жолдау жай ғана бұзақылық емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекет екенін азаматтардың естеріне салғым келеді. Ал телефонмен хабарлайтын бұзақылар жалған хабарламаның салдары қаншалықты ауыр екенін ойламайды да. Мысалы, адамдар үрейленіп, даурыққанда бір-бірін итеріп, соның салдарынан балалары ата-аналарынан адасып қалуы мүмкін, олардың арасында жүкті әйелдер, мүгедек адамдар болатын кездер де болады, - деді Қабденов.

Оның айтуынша, мұндай қоңырауларды адамдар еріккеннен, әзіл ретінде немесе мас күйде жасайды.

Жалған хабарламалар таратқаны үшін сотталғандардың басым көпшілігі қылмыс жасаған уақытта мас күйде болған (2017ж. – 24; 2018ж. – 17; 2019ж. - 19; 2020г. – 16; 2021ж. - 14).Мысалға, 2022 жылдың 5 айында 273-бап бойынша істері сотқа жолданған 12 адамның 11-і қылмысты мас күйде жасаған. «Жалған террористің» әлеуметтік портретіне келетін болсам, барлық қылмыстың 88 пайызын жұмыссыздар жасаған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы