Құжаттарды жылдам және өз бетінше алуға болатын терминал іске қосылды

3 Наурыз 2023, 19:38
821
Бөлісу:
Құжаттарды жылдам және өз бетінше алуға болатын терминал іске қосылды
PHOTO
Фото: Бағдат Мусиннің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп  хабарлайды BAQ.KZ.

Елордадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ресімдеуге арналған жаңа терминалдың тұсауы кесілді.

Құжаттарды жылдам және өз бетінше алуға болатын терминал іске қосылды

Енді қазақстандықтар құжаттарды өз бетінше әрі жылдам алуға өтінім бере алады. Кезек күтуге, содан кейін көші-қон қызметінің қызметкерінен тіркеуден өтіп, суретке түсіп, төлем жасау үшін кассаға бөлек жүгіруге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Құжаттау терминалы бәрін бір жерде жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар әрбір адам құжат үшін сәтті түскен фотосуретін өз бетінше таңдай алады. Процесс 10 минут уақыттан аспайды, - деп жазды ведомство басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында. 
 

Алайда қателіктер мен түсініспеушіліктерді болдырмау үшін өтініш берушіге көші-қон қызметінің қызметкеріне жүгіну қажет болады. Сәйкесінше, ол өтініштің, фотосуреттің және қолтаңбаның сәйкестігін тексереді.

Құжаттарды жылдам және өз бетінше алуға болатын терминал іске қосылды

Әзірге мұндай терминал тек Астана қаласында Керей мен Жәнібек хандар көшесінің 4/1 үйінде орналасқан ХҚКО-да орнатылған. Алдағы уақытта осы жобаны барлық өңірлерде іске асыру жоспарланып отыр. Мұндай жаңашылдықтар – біздің қоғам мен мемлекеттік органдарды бюрократиядан арылтуға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығына және invisible government (көрінбейтін мемлекет) тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған кезекті қадам, бұл туралы Мемлекет басшысы өз сөзінде бірнеше рет айтқан болатын. Біз қызмет көрсету саласының сапалы әрі жедел болуын қамтамасыз етуге тырысатын боламыз, - деді Бағдат Мусин. 

Құжаттарды жылдам және өз бетінше алуға болатын терминал іске қосылды

Бұрын-соңды болмаған терминалды Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Ішкі істер министрлігімен, оның ішінде Көші-қон қызметі комитетімен және ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығымен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып әзірлеген. 

Өзгелердің жаңалығы