Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Құжатсыз ет сатқан жандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Бүгiн, 06:47
457
Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

Елімізде ветеринарлық құжатсыз ет сатқан жандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.айтты.

Вице-министр ет сатудағы заңсыздық туралы 2026 жылы Парламентте талқыланатын ветеринария туралы жаңа заңда қарастырылатынын айтты.

Халық 3 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлдан қорықпайды. Оны қатаңдату керек, себебі бұл азық-түлік қауіпсіздігімен байланысты. Мұндай істерді айыппұлмен емес, қылмыстық заңмен жазалау керек, – деп атап өтті ол..

Вице-министр сонымен қатар ет және ет өнімдерінің цифрлық қадағалануы керектігін мәлімдеді.

Өндірілетін өнімдердің барлығы мал сою алаңдарында немесе ет комбинаттарында сойылып, ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтуі керек. Аталмыш тексеруден кейін біз еттің қайда кететінін көреміз — базарға, мектепке, балабақшаға немесе ауруханаға. Біз соңғы тұтынушыны көруіміз керек, – деп түсіндірді ол.

Бұл жүйе бүкіл ел аумағы бойынша енгізіліп жатыр және жақын арада мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану нысандарын қамтитын болады.

Өзгелердің жаңалығы