Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 17 сәуірдегі "2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 2024 жылғы 8 мамырдағы сәрсенбіге ауыстырылады, - делінген құжатта.
Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 2024 жылдың 7, 8 және 9 мамыры демалады. 7 мамырда Отан қорғаушылар күнін және 9 мамырда Жеңіс күнін тойлайды.
4 мамыр жұмыс күні болады.
1 мамырда қазақстандықтар Қазақстан халқының бірлігі мерекесін атап өтеді.