Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құзға өрмелеуден «Бурабай-2022» республикалық фестиваліне 300 адам қатысады. Басты мақсат – Қазақстанда альпинизм мен бұқаралық спортты дамыту. Сонымен қатар, фестиваль ішкі туризмді насихаттауға бағытталған.
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрілігің баспасөз қызметі хабарлайды.
Іс-шараға мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев та қатысты.
Бүгінгі таңда Қазақстанда құзға өрмелеу спорты көптеген кәсіби мамандарды ғана емес, сонымен қатар белсенді демалысты жақсы көретіндерді де біріктіреді. Аталған іс-шара осы спорт түрінің дамуына жаңа серпін беріп, оны неғұрлым танымал әрі бұқаралық ететініне сенімдімін. Жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеймін!,- деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Айта кету керек, фестиваль 1-3 шілде аралығында Ақмола облысында өтеді. Оған кәсіби спортшылармен бірге осы спорт түрін сүйетіндер де қатысады.