Құтқарушылар ШҚО тауларында жарақат алған әйелді эвакуациялады

30 Шілде 2024, 12:00
362
Бөлісу:
Құтқарушылар ШҚО тауларында жарақат алған әйелді эвакуациялады
PHOTO
Фото: ТЖМ

Катон-Қарағай ауданында Мұзтау тауының етегінде серуендеу кезінде туристік топ құрамында 1973 жылы туған әйел аяғын жарақаттап алып, өз бетінше таудан түсе алмады. Медициналық көмек пен тасымалдауға мұқтаж болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы, апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен дәрігерлерінің ұшуы ұйымдастырылды.

Құтқарушылар ШҚО тауларында жарақат алған әйелді эвакуациялады

Зардап шегушеге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Өскемен қаласына эвакуацияланды және жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Өзгелердің жаңалығы