Құтқарушылар Қарағанды облысы жолдарынан 20 адамды эвакуациялады

14 Ақпан 2024, 22:36
386
Бөлісу:
Құтқарушылар Қарағанды облысы жолдарынан 20 адамды эвакуациялады
Фото: скрин

Құтқарушылар Қарағанды облысының жолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын атқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 ақпанда Теміртау қаласының блокпосты аймағында Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары күшімен кафенің жол бойындағы кемпингіне дейін автожолдың жабық учаскесінен 6 жеңіл автокөліктен 20 адамды эвакуациялауға көмек көрсетті.

Құтқару жұмыстарына № 23 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары, атап айтқанда, Бекболат Әлімғазиев пен Павел Свидан қатысты, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жарияланған.

Өзгелердің жаңалығы