Құтқарушылар өрт шыққан автобустан 34 жолаушыны эвакуациялады

Бүгін Қарағанды облысы Абай ауданындағы "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 960-шақырымында "Астана – Шымкент" бойынша бағыт алған жолаушылар автобусының мотор бөлігінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 4 Маусым 2025 2025, 23:05
4 Маусым 2025 2025, 23:05
1138
Фото: скрин

Бүгін Қарағанды облысы Абай ауданындағы "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 960-шақырымында "Астана – Шымкент" бойынша бағыт алған жолаушылар автобусының мотор бөлігінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт аумағы шамамен 2 шаршы метрде болды және өрт сөндіру қызметі келгенге дейін сөндірілді.

Алайда құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында барлық жолаушы эвакуацияланып, жақын маңдағы жол бойы кемпингіне жеткізілді. Оларға қажетті көмек көрсетілді.

Салонда 34 жолаушы, оның ішінде 9 бала және 5 ересек Өзбекстан азаматы болған.

Зардап шеккендер жоқ.

Наверх