Құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды

30 Маусым 2023, 06:24
442
Бөлісу:
Құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды
Фото: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

29 маусым күні сағат 13: 58-де «112» пультіне қалалық Полиция басқармасының кезекшісінен ер адамның автокөлік көпірінің аспалы құрылымында отырғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқару бөлімшелері мен Абай облысы ТЖ департаментінің психологы дереу оқиға орнына шықты.

Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен соң, 1994 жылы туылған ер адам мас күйінде көпірдің аспалы құрылымдарына көтерілгенін анықтады. Ол төменге түсу туралы сөзге құлақ аспады. Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен аспалы көпірдің тірегіне көтеріліп, ер адамға жетіп, оны қауіпсіз жерге түсірді. Осы уақытта психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетті, - деді Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқару операциясы кезінде ер адам зардап шеккен жоқ. Психологпен сөйлескеннен кейін ер адам полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Өзгелердің жаңалығы