ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының "Медеу" құтқару бекетіне үш жас жігіттің Талғар ауданындағы Фурманов шыңынан түсіп келе жатып бағытынан жаңылып, адасып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына құрамында 5 құтқарушы және бір техникасы бар жедел топ жіберілді. РЖҚЖ ТЖМ мамандарының іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде жігіттер жылдам табылды.
Олардың бірі аяғын қайырып алған. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, топты шатқал арқылы төменге түсірді. Іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды.