Мұғалжар ауданында Қандыағаш ауылынан 2 шақырым жерде 2 адам мінген Газель автокөлігі қарға батып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ құтқарушылары оларға Toyota Hilux көлігімен жетіп, көлікті қардан сүйреп шығарды. Медициналық көмекке мұқтаж болмаған жолауышлар, ары қарай жолдарын жалғастырды.
ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады.