Құтқарушылар Ақмола облысындағы ауыл тұрғындарын эвакуациялады

11 Сәуір 2024, 14:55
193
Бөлісу:
Құтқарушылар Ақмола облысындағы ауыл тұрғындарын эвакуациялады
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Егістіктен еріген қар суының Жолболды өзеніне ағуына байланысты Ивановка ауылында өзен суы арнасынан шықты. Нәтижесінде 45 тұрғын үй су астында қалды. 

ҚР ҚМ тікұшағымен және ТРЭКОЛ өтімділігі жоғары машинамен эвакуациялау пунктіне 52 адам, оның ішінде 21 бала эвакуацияланды. Су тасқыны аймағынан 160-қа жуық жануарлар мен 520 үй құстары құтқарылды.

Өзгелердің жаңалығы