Батыс Қазақстан облысының жоспарлау және жедел басқару орталығының кезекші пультіне Орал қаласынан 50 шақырым жерде РФ Мәскеу қаласына келетін жолаушылар автобусы сынып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шақырту орнына ТЖМ құтқарушылары мен "Қазавтожол" қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушыларға қажетті көмек көрсету үшін дереу шықты, келген соң дизель отынының қатып қалғаны анықталды.
Автобустың 57 жолаушысы Орал қаласына қарай ілеспе автобуспен жолға шықты. Екі жүргізушіге отынды жылытуға көмек көрсетілді, жүргізушілер өз жолдарын жалғастырды.