Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Бөлісу:
Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Өзгенің өмірі үшін күннің ыстығына да, суығына да қарамай күресетін бүгіннің батырлары – ол құтқарушылар. Қазіргі күні елімізде азаматтық қорғау саласында 27 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

19 қазан күні құтқарушылар кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл күн Құтқарушылар күні деп аталады.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Соңғы жылдары азаматтық қорғау саласына көңіл бөлініп, оның маңызы артып келеді. Бүгін елордалық БАҚ өкілдері ел алдындағы міндеттерін атқарып жүрген құтқарушыларға қандай жағдай жасалып жатқанын көріп қайтты.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Медиа өкілдері Астанадағы жөндеуден өткен №4 өрт сөндіру бөлімі мен №23 жаңа заманауи өрт сөндіру бөлімінде болды.

Елордадағы Е 495, 8/1 көшесінде орналасқан №4 өрт сөндіру бөлімінде құрылыс-монтаж және күрделі заманауи жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазір құтқарушылар жөндеуден кейінгі ғимаратта жұмыс істейді.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Сонымен қатар бөлімде қызметкерлерге арналған жатақхана да бар. Жатақханада ыңғайлы өмір үшін барлық жағдай жасалған. Мысалы, оқу залы, асхана, жаттығу залы және теледидар қарауға арналған залдар бар. Мысалы, құтқарушылар қандай кітаптарды оқитынын мына сөреге қарап біле аламыз.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

№4 өрт сөндіру бөліміндегі жөндеу жұмыстары наурыз айында басталып, 4 айдың ішінде аяқталды. Оған қажетті материалдарды мемлекеттік тапсырыс бойынша алдық. Бұл жөндеу жұмысының барлығына 20 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Жеке құрамның бөлмелері, асхана жөнделді, - деді №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Қуаныш Тоқтарин.

Бұл өрт сөндіру бөлімінде 87 адам жұмыс істейді. Қызметкерлер осы жердегі жатақханада тұрады. Онда 20 бөлме және 1-2 бөлмелі 7 пәтер бар. Қызметкерлер жатақхана немесе пәтерді шамамен 3 жыл мерзімге дейін ала алады.

Өрт сөндіру бөлімінде 13 техника бар.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі
Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Әр кезекшілікте 12 адамнан болады. Осындай 4 кезекшілік бар. Олар күн сайын ауысып отырады. Олардың жұмыс кестесі 1 күн жұмыс істеп, 3 күн демалады. Бірақ олар үнемі байланыста болады. Егер қосымша күш керек болса, олар жұмысқа шақырылады.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Журналистер сонымен қатар Қордай көшесіндегі №23 жаңа өрт сөндіру бөлімінде болды. Естеріңізде болса, 17 қазан күні Мемлекет басшысы да аз ғана уақыттың ішінде бой көтерген өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысқан болатын.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Оның құрылысы көктемнің соңында басталды. Бұл бірегей, өйткені ол қысқа мерзімде, атап айтқанда үш ай ішінде салынды. Бұл ретте сапалы тез салынатын модульдік құрылыс материалдары пайдаланылды. Жобаны жергілікті атқарушы органдар қолдады. Өрт сөндіру бекеті өзінің ерекше заманауи дизайнымен және функционалдылығымен ерекшеленеді, - деді Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев.

Әкімшілік ғимаратта жұмыс бөлмелері, диспетчерлік бөлме, оқу сыныбы, демалыс бөлмесі мен ас үй, сондай-ақ душ және жуынатын бөлмелер қарастырылған.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Ангар алты арнайы техникамен жабдықталған, бұл төтенше жағдайларға жауап беруді едәуір жеделдетеді. Бұл машиналар биыл сатып алынған. Сондай-ақ жылытылатын гаражда жабдықты жууға арналған аймақ бар.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Бүгінде 50 адамнан тұратын жеке құрам 96 мыңнан астам адам тұратын Алматы ауданына қызмет көрсетеді. Өрт сөндіру депосы жауынгерлік режимде екінші ай жұмыс істеп тұр, осы уақыт ішінде 200-ге жуық рет шақыртуға шығып үлгерген.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Өрт сөндіру бөлімінің аумағында қызметкерлерге қызметтік жатақхана қарастырылған. Бұл жатақхана да қысқа мерзімде тұрғызылған.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Екі қабатты ғимарат 11 бөлмеден тұрады, олардың әрқайсысында барлық қажетті тұрмыстық жағдай жасалған. Қонақ бөлмесі, ас үй және террассалар толығымен жиһазбен жабдықталған.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Тұрғын үй тұрмыстық техникамен және кондиционерлермен жабдықталған. Қазір мұнда 27 адам тұрады, оның ішінде 7-еуі бала.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі
Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Бұл жаңа деподағы құтқарушылардың өрт сөндіруге шыққанда киетін киімдері де заманауи. Мысалы, оның салмағы бұрынғы киімдерге қарағанда жеңілірек, шамамен әр құтқарушының киімі 3,5 келі. Аяқ киімдерінің табаны да мықты, ол шақырту болған жерде шеге не болмаса басқа да үшкір заттардан қорғайды.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Ал бұл құтқарушылар өрт кезінде киетін аппараттары мен маскалары. Бұл киімдер әр құтқарушының жеке өзіне арналған. Сөреде әр құтқарушының аты жазылған. Яғни бұл қызметкерлердің оны біреуге беруге не болмаса өзгенікін киіп кете алмайтынын білдіреді.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Құтқарушылардың орташа жалақысы – 250 мың теңгеден басталады. Бұл жұмысқа енді тұрған қызметкердің айлығы. Егер өңбек өтілі болса, жалақысы одан жоғарырақ болады.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Жеке құрам тек оқу-жаттығу жұмыстарымен ғана емес, сонымен бірге әртүрлі спорттық жарыстарға да қатысып тұрады. Құтқарушылардың арасында спортшылар жетерлік.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Кезекшілікте болған жеке құрам келесі жеке құрамға кезекшілікті тапсырады. Ол үшін алдымен таңертең осы жерде жиналып, барлық техниканы келесі кезекші құрамға тапсырады. Құтқарушылар әртүрлі шақыруларға шығады. Егер өңірлерге қосымша күш керек болса, елордалық құтқарушылар да көмекке аттанады.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Жеке құрам шақырту түссе, оған 1 минуттың ішінде жиналып шығып келеді. Ал шақырту болған жерге шамамен 5-7 минут ішінде жетеді.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Құтқарушы болғысы келетін адамда әскери билеті, денсаулығы жайлы анықтамасы болып, психологиялық тесттен өтуі қажет.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі

Құтқарушылар да 25 жыл қызмет еткеннен кейін зейнетке шыға алады.

Құтқару миссиясы: Ажалдан арашалайтын батырлардың еңбегі
Өзгелердің жаңалығы