Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев мәлімдеді.
Жастар ұйымының өкілі құрылтайды құру - маңызды оқиға деп есептейтінін жасырмады.
Құрылтайдың құрылуы – қазір елімізде орын алып жатқан реформалар мен өзгерістердің өте маңызды межесі деп есептеймін. Құрылтай қазақстандық қоғамның түрлі пікірлері, түрлі қызығушылықтары мен санаттарын бірыңғай платформаға тоғыстырудың алаңына айналады деген ойдамын. Құрылтай тиімділігін, нәтижелілігін көрсететініне сенімдімін. Бұл алаңда Екінші республиканы нығайтудың нормативтік-құқықтық және өзге де сәттеріне қатысты өте маңызды мәселелер талқыға түседі, - деп атап өтті Тимур Жұмырбаев.
Сонымен қатар ол азаматтардың белсенділігіне тоқталып өтті.
Еліміздің халқы референдум барысында Мемлекет басшысының саясатына үлкен қолдау білдірді. Қоғам өзінің азаматтық бірлігінің жоғары деңгейін көрсетті. Біз құрылтайға мүшелік ететін адамдардың тізімін көрдік. Құрылтай базасында бірыңғай диалогқа қоғамның түрлі өкілдерін тартуға мүмкіндік бар. Аталған алаң белсенді азаматтар кез келген мәселе бойынша өз позицияларын айтып, бірыңғай диалог жүргізе алатын мүмкіндікке айналуы тиіс. Құрылтай өз жемісін береді деген ойдамын. Құрылтай құрамына ҚХА, біздің «Ассамблея жастары» жастар ұйымының өкілдері де кірді. Бұл оқиғаға қоғамдық-тарихи көзқарас тұрғысынан қарауымыз қажет. Құрылтай өте үлкен символдық мәнге ие. Ол Ұлытауда азаматтық қоғам институттары өкілдерінің басын қосады. Мемлекет қоғаммен ашық, тікелей, транспарентті диалог жүргізуі – Жаңа Қазақстанның жұмыс істеп жатқандығын білдіреді, - деді қоғамдық бірлестік басшысы.