Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі – Президент

Депутаттар халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек

28 Тамыз 2026, 11:32
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Олжас Адай 28 Тамыз 2026, 11:32
28 Тамыз 2026, 11:32
102
Фото: ©BAQ.KZ/Олжас Адай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында депутаттарға жүктелетін міндет туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы, Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Депутаттар халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек. Бұл – анық ақиқат. Мұны ешқашан естен шығармау қажет, - деп айты Тоқаев.

Президент қазіргі таңда еліміз дамудың даңғыл жолына түскенін айтты. Тоқаев айтқандай. Қазақстан жаңа өрлеу кезеңіне қадам басты. Биыл еліміздің болашағы үшін мән-маңызы зор көптеген тарихи оқиғалар болды.

Халқымыз аз уақыт ішінде бір ұлт болып көп жұмыс атқарды. Елімізде жалпыұлттық референдум арқылы ауқымды конституциялық реформа табысты жүзеге асырылды. Осылайша, біз нағыз Халық Конституциясын қабылдадық. Жаңа Конституцияның өз күшіне енуін төл тарихымыздағы аса маңызды бетбұрыс деп бағалауға болады. Соның нәтижесінде өсіп-өркендеуімізге жол ашатын мықты заңды негіз қалыптасты. Қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп бере алатын мүлде жаңа саяси-құқықтық жүйенің іргетасы қаланды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында.

Президенттің сөзінше, бұл жүйе мемлекет құрылымын толық жаңғыртып, билік институттарының тиімділігін арттырады, сондай-ақ, азаматтарымыздың ел басқару ісіне атсалысуына нақты мүмкіндік береді.

Наверх