Құрылтай сайлауы күні қанша нәресте дүниеге келгені белгілі болды

24 Тамыз 2026, 18:10
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 24 Тамыз 2026, 18:10
24 Тамыз 2026, 18:10
169
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау күні Қазақстанның медициналық ұйымдарында 657 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 318 ұл және 339 қыз бала бар.

Ең көп нәресте дүниеге келген өңірлер

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Алматы қаласында – 60 бала, Түркістан облысында – 54, Шымкент қаласында – 51 бала тіркелді. Ел бойынша бір егіздер жұбы дүниеге келді.

Ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жүкті әйелдерді қауіпсіз бақылауды және босандыруды қамтамасыз етіп, ана мен жаңа туған нәрестелерге қажетті медициналық көмек көрсетеді. 657 қазақстандық отбасы үшін бұл күн ел өміріндегі маңызды саяси оқиғамен ғана емес, жаңа адамның дүниеге келуімен де мәңгі есте қалатыны сөзсіз, - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келгені хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыз:

Қазақстан Орталық Азияда шала туған нәрестелерге көмек көрсетуде көш бастады

Абай облысында жыл сайын ЭКО-ға 210 квота бөлінеді

Қазақстанда операциядан кейінгі жаңа туған нәрестелер өлімі үш есе азайды

Наверх