Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы парламент сайлауының мерзімі туралы сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, Сенат пен Мәжілістің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін екі айдың ішінде сайлау өтуге тиіс.
Бұл 1 қыркүйекке дейін болады, ал 1 қыркүйектен бастап жаңа Парламент – Құрылтай жұмыс істеуі керек. Егер Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасын қолдаса, біз осы құрамда өтпелі ережелерге сәйкес 1 шілдеге дейін жұмыс істейміз, одан кейін 1 қыркүйектен бастап жаңа Парламент өз жұмысын бастайды, – деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Конституция күнінің өзгеруі мүмкін екендігі туралы жаздық.