Құрсай каналынан ер адамның денесі табылды

14 Мамыр 2024, 07:34
1057
Бөлісу:
Құрсай каналынан ер адамның денесі табылды
Фото: архив

13 мамыр күні сағат 18:20-да Құрсай каналынан (Атырау облысы) ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz-ке сілтеме жасап.

Су бетінде қалқыған денені жергілікті тұрғындар тауып алып, құтқарушыларға хабарлаған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәйітті полицияға тапсырды.

Жылыой аудандық полиция бөлімі 13 мамыр күні сағат 17.00-де 8 күн бұрын жоғалып кеткен 2003 жылы туған ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Дене жарақатының белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы